Наурызда бәйгесіз той өтпеген

(0 Votes)

Ат тұяғының дүбірі естілсе делебеміз қозып, қанымыз тулайтын қазақпыз ғой. Бәйге өтеді дегенді естіген біраз жұртшылық бүгін де ауданның жас атбегілері ұйымдастырған додаға көптеп жиналды.

Аудан әкімдігі қолдауын көрсеткен ат спорты ойындарына жекелеген кәсіпкерлер демеушілігін жасады.Наурыз тойына арналған шарада аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов, ұйымдастырудың басы-қасында жүрген белсенді жас Талғат Жұмалиев тамашалауға келгендерді ұлық мейраммен құттықтап, сайыскерлерге сәттілік тіледі. Құнан бәйгеде 10 сәйгүлік жарыс жолына шығып жүйелерін анықтады. РТС ауылынан бәйгеге қосылған қос құнан 6 шақырымдық қашықтықты өзгелерден оқ бойы алда жүрді. Тек мәреге жақындағанда ғана Айбек Аманжоловтың ағылшын-араб тұқымды "Секрет" атты құнан ысытылып алға шыға келді.

Бұл жерде торы төбел құнанды тізгіндеген талай бәйгеде олжа салып жүрген орлылық шабандоз Әкежан Бисенбайдың шеберлігін бөле-жара айтпай кетуге болмайды. Екінші орынды Құбашев Болатбектің шабанбоз Ермұрат Абылайдың тақымындағы "Асыл тас" атты ағылшын-араб тұқымды байталы еншіледі. Үшінші орын Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауылынан келген Жақсымбетов Мерхаттың "Сымбат" атты тазақанды байталына бұйырды. Жүлделі орындарға іліккендермен төртінші, бесінші келгендерге ақшалай байрақ табысталды. Сонымен қатар, аударыспақ, теңге алу, садақ атудан жарыс өтті.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521