Наурыз достық мерекесі

(0 Votes)

Бөкейхан ауылдық округінде өткен Әз-Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шарада жергілікті кәсіпкерлермен бірге ресейліктердің де саудасы жүріп жатты.

Іргелес Ресей Федерациясы Астрахан облысы Красный Яр ауданынан келіп қатысып жатқан «В.Ковалев» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Валерий Ковалевті сөзге тарттық.

– Біз, ежелден қоңсы қонған қазақтар мен орыстар әуелден тату халықпыз. Бұл осындай мерекелерде анық көрінеді. Наурыз мейрамы біздің елде де аталып өтеді. Құрманғазы ауданы басшыларына, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөліміне рахмет, мереке сайын шақырту жібереді. Біздер өз тарапымыздан солай етеміз. 19 наурызда келгенбіз, содан бері сіздермен бірге Наурыз мейрамын тойлап жатырмыз. Бұған дейін Теңіз, Еңбекші, Құрманғазы ауылдарында болсақ, бүгін осында келдік. Әкелген өнімдеріміз, пісірген кәуабымыз жақсы өтіп жатыр. Мейрам құтты болсын! Наурыз достық мейрамы, татулығымыз нығая түссін. Тыныш күндерде, бейбіт аспан астында мерекелерді бірге тойлай берейік,– деді ризашылығын білдіріп.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521