Наурыз - берекем, наурыз - мерекем

(0 Votes)

Бауыржан Бегалиев атындағы орта мектепте «Наурыз – берекем, наурыз – мерекем» атты Әз Наурыз мерекесін ұлықтаған тағылымды шара өтті.

Шараға Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Абдуррахман Муса, «AMANAT» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев, аудандық «Serper» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупова, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Еділ Баяров, аудан әкімінің баспасөз хатшысы Қанат Ғұмаров қатысты. Мектептің акт залында «Бесікті ауылы», «Абай ауылы», «Береке ауылы», «Наурызбай ауылы», «Бастау ауылы» деген жарасымды аттары бар ауылдар үстел әзірлеген. Әсем ән төгіліп, ортаға батырлар көтерген тайқазан келген соң ақ жаулықты әжелер наурыз көже таратып, шашу шашты.

Мектеп директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Гүлжанат Қалиева қатысушылар мен қонақтарына деген ақ тілегін ақтарып, аудан әкімінің Алғыс хатымен ұжым мүшелері мен ардагерлері Қаттар Қайырлиев, Сәния Қуаншәлиева, Римма Оралбекованы марапаттады.

Ортаға ертегі кейіпкерлері, орын ауыстырғалы тұрған Сиыр мен Барыс жылын ертіп, Қыдыр ата келіп батасын берді. Көктем ару қасына ерген гүлдерімен әсем әнді төгілтті.

Одан әрі жоғарыда аталған ауылдар қазақтың салт-дәстүрлерінен сахна төрінде театрландырылған көріністер қойды. Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Абдуррахман Рахметұлы аудан әкімінің атынан құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Шараға қатысушы қонақтар "Аманат " партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Өмірболат Есенғазиев, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Еділ Баяров, Құрманғазы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Қанат Ғұмаров, аудандық "Серпер " газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупова мерекелік лебіздерін жеткізіп, шараны жоғары деңгейде өткізіп жатқан ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT