"Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем"

(0 Votes)

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы - Наурыз мейрамы, іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.

 Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті де қастерлі мерекемізге орай Еңбекші ауылдық округі бойынша Еңбекші ауылдық клубында “Наурыз берекем, Наурыз мерекем” атты мерекелік шара өткізілді.

Мерекелік шараға қатысушыларды Еңбекші ауылдық округінің әкімі Жасқайрат Идаятұлы және ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғаділхан Қалиұлы мерекемен құттықтап ауылымыздың, ауданымыздың әлеуметтік экономикалық дамуына өз үлестерін қосқан елге сыйлы зейнеткерлеріміз бен сала мамандарын Аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттап және ауылымыздың ардақты қарияларын мерейлі жастарымен құттықтап, округ әкімі және ардагерлер кеңесі төрағасы атынан Құттықтау хаттарын табыс етті.

Одан әрі клуб өнерпаздары ән шашу арнап, көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады. Округке қарасты мекемелер киіз үй тігіп, мерекелік дастархан жайып, келген шара қонақтарына Наурыз көже және ыстық бауырсақтарын ұсынды. “Теңге алу”, “Асық ату”, “Арқан тартыс”, “Садақ ату”, “Кір тасын көтеру” сынды түрлі ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Балаларға арналған ойын алаңдары, сауда - саттық жәрмеңкелер ұйымдастырылып, ыстық кәуәптар пісіріліп, одан әрмен мерекелік шараның көркі қыза түсті. Осылайша бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан, халқы еңбекшіл, Еңбекші ауылында қазақ халқының ұлық мерекесі дүбірлей өтіп, ауыл халқы керемет көңіл күймен тарқасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT