Биыл өңірде үйірлі шегірткелерге қарсы республикалық бюджет қаражаты есебінен барлығы 33200 гектар аймақ химиялық өңдеуден өтеді. Аудандар кескінінде көрсетер болсақ:
Оның 19200 га қырлы аймақтарда итальяндық прусқа, теңіз жағалауындағы шабындықтарда азиат шегірткесіне - 14000 га жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлер анықталды. Әуе тәсілімен республикалық бюджет қаражаты есебінен, 16800 гектар аймақта саяқ шегірткелеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жерүсті тəсілімен облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Бүгінгі таңда өңірде қалыптасқан ауа-райы құбылысына сәйкес, шегіртке тұқымдастарының дернәсілдері (личинкалары) мамыр айынын III онкүндігінде шығады деп есептеп отырмыз.
Құрманғазы ауданында судың келуі жылдағыдан төмен болған жағдайда, кіші аралшықтар құрғап азиялық шегірткелердің дамып таралуына қолайлы жағдай туу қаупі жоқ емес. Сонымен қатар, құм қызған уақытта шегіртке жұмыртқалары біртіндеп жарылып, жер бетіне шығып, зиянкес қоныстанған аумақ көлемі ұлғая түседі. Осыған жан-жақты дайын болуға шақырамын.
Соған байланысты, ауданда штаб құрылды, штаб жетекшілері, аудан әкімдерінің ауыл шаруашылық саласына жетекшілік ететін орынбасарлары, бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес ахуалды бақылауда ұстап отыр.
Шекаралас аймақтарда шегіртке зиянкестерін анықтауға бірлескен зерттеулер жүргізіліп, сондай-ақ бірлескен зерттеу актілері толтырылып сала мамандары тиісті жұмыстар атқаруда.
Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы, ауданда сала мамандарының тапшы болуына байланысты, барлық жер иелері мен шаруагерлерден, малшылар мен балықшылардан жергілікті жердегі барша халықтан қырағылық танытып, шегіртке шыққан аймақтарды байқаған болсаңыздар облыстық немесе аудандық сала мамандарына хабарлауды өтінеді. Сіздердің хабарламаңыз арқылы өңірдің жайылымдық, шабындық жерлерінде, сонымен қатар егіншілердің маңдай терімен шығарған ауыл шаруашылық өнімдерін шегіртке зардабының алдын алу мақсатында зиянкес ошақтарының координаталары қызмет көрсетушіге беріліп, дер кезінде қорғану шараларының жүргізілетіні жөнінде ескертеді және шегіртке анықталған жағдайда төменде көрсетілген телефондарға хабарлауларыңыз сұралады.
«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ мамандары мониторинг жұмыстарын жүргізеді.
1. Кумаргалиев Арман Сатқалиұлы
ҚР АШМ АӨК МИК Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы +7 701 776 33 73
2. Исембаева Гүлбаршын Сағынғалиқызы
ҚР АШМ АӨК МИК Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы +7 771 151 42 88
3. Айбулатов Ғасырбек Ануарбекұлы
ҚР АШМ АӨК МИК «РФД және БӘО» РММ-нің Құрманғазы аудандық филиалының басшысы +7 702 692 79 50
4. Хайруллина Жадыра Қаһарманқызы
ҚР АШМ АӨК МИК «РФД және БӘО» РММ-нің Құрманғазы аудандық филиалының бас энтомологы +7 705 890 52 86