Насихат жұмыстары өз дәрежесінде өтті

(0 Votes)

Еліміз үшін маңызды саяси науқан, 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттары сайлауының алдындағы партиялардың үгіт-насихат жұмыстары да мәресіне жете келді. Газет тілшісі оның ауданымызда өту барысы жайлы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиевпен сұхабаттасқан еді.

– Өмірболат Өтегенұлы әңгімемізді сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылаумен бастасақ.

– Елімізде үлкен серпінмен басталған алда өтетін, яғни, 2021 жылғы 10  қаңтардағы  Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарының сайлауында депутаттыққа «Nur Otan» партиясының тізімімен ұсынылған үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары біздің аудан бойынша да жоғарғы деңгейде, үлкен ұйымшылдықпен өтіп, аяқталуға жақындап келеді. Аудандық филиалдың конференциясында, партияішілік іріктеу – Праймериз қортындысымен жоғарғы рейтингтік бал жинаған 26 үміткер аудандық маслихатқа, 5 үміткер облыстық маслихатқа ұсынылған болатын. Бекітілген сайлауалды желілік кесте мен медиа жоспар бойынша 11 желтоқсан 2020 жылы басталған үгіт-насихат жұмыстарына сәйкес кандидаттар әртүрлі шараларын ұйымдастырды. Олардың ішінде ауылдық округ тұрғындарымен онлайн, офлайн кездесулер, канвассинг, есіктен-есікке, экспромт кездесулер, түрлі бағыттағы үгіт-насихат материалдарын белсенді жастармен тарату, әлеуметтік желілерге өз аттарынан партиялық сайлау алды (2021-2025ж.ж) арналған бағдарламасынан, ауданның даму жоспарынан, жалпы елде, ауданда жасалып жатырған жұмыстар мен кездесулерде айтылған ұсыныс, пікірлер туралы шығарған постылар жариялау бар. Мұның бәрі орындалды. Жоспарланған  178  аудандық шаралардың барлығы  дерлік өтті. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде өткен шараларды саралайтын болсақ, атқарылған 178 жоспарлы жұмыстың 76-сы онлайн немесе алыстан әлеуметтік желілер арқылы, ал 102-сі офлайн немесе тұрғындармен ашық, үй жайларда, мәдениет үйлерінде кездесулер. Бұл кандидаттар тарапынан жасалған өте ауқымды және нәтижелі жұмыстар.

– Жаңа айтылған облыстық мәслихатқа депутаттықтан үміткерлер аудан тұрғындарымен кездесті ме?

– Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлер Д.Тұрғанов, С.Нақпаев, Т.Бейісқали және облыстық маслихатқа үміткерлер С.Сұлтанов, Ж.Шакупов, М.Құмаров, К.Меңдіғазиева, Е.Боранғалиев, З.Карсакова, А.Даумов, А. Идрисов, М.Абуов кездесіп, желілік кестелеріне сай іс-шараларын өткізді.

– Халықтың сіздер атқарып жатқан жұмыстарға көзқарасы қандай?

– Кездесулерде аудан тұрғындары «Nur Otan»  партиясына үлкен үміт артатынын байқап жүрміз. Өздерінің шешімін күткен өзекті мәселелерін көтеріп, алдағы сайлауда дауыс береміз деп сендіруде. Себебі нағыз халықтық және нақты істер партиясы екенін осыған дейін талай мәрте дәлелдеді. Елімізде, ауданда жасалып жатырған жұмыстар мен әлеуметтік төлемдер, әр түрлі апаттық жағдайлар мен «Covid-19»  ауруы кезіндегі халыққа жасалған көмектерімен және жасалып жатырған құрылыстарды партиялық бақылау комиссиясы арқылы қадағалап, фракция жиналыстарында, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл кеңесі отырыстарында күн тәртібінде ұстауы арқылы үлкен сенімге ие болды. Олардың бәрін ашық түрде аудандық «Серпер»  қоғамдық-саяси газеті, әлеуметтік желілермен таныстырып келді. Ал, сайлауалды үгіт-насихатта, кандидаттардың тұрғындармен кездесулерінде «Nur Otan»  партиясының XX съезінде бекітілген партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы, одан туындайтын ауданның даму жоспары таныстырылып, әрбір елді мекенде алдағы бес жылда атқарылатын игі істерді баяндаған сәттерде, аудан халқының «Nur Otan» партиясына деген сенімі мен болашаққа артар үлкен үмітін көріп отырмыз. Бұл Тәуелсіздігіміздің тұғырлы екенінің, халқымыздың бірлігі мен ынтымағы жарасқанының, 30 жылда осы бағытта еліміздің  дамуына орасан зор еңбегі сіңген Елбасымыз, Тұңғыш Президенттіміз – Н.Ә.Назарбаевқа деген  үлкен құрметтің тағы бір дәлелі.

– Әңгімеңізге рахмет! Әрқашан халық сенімінен шыға беріңіздер!

Сұхбатты жүргізген Қанат  Зарлыханұлы

Nur Otan" партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT