Баспасөзге жазылу науқаны тез аяқталатын қауырт шақ.
Оның нәтижесі қандай болатыны басылымның алдағы тағдырына әсер етеді. Сонымен қатар ол мыңдаған оқырмандарымыз үшін де маңызды. «Темірді қызған кезде соқ», дегендей бұл науқанды өз дәрежесінде ұйымдастыра алатын басшылар, оларға бұл істе қанат бола білетін кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары бар. Солардың бірі Нұржау ауылдық округінің әкімі Мұрабек Мұғалім. «Ұйымдастыра білген ұтады» дегендей бұл азамат басқарған округ биыл да болжамнан шығып қалың оқырманымызға қуаныш сыйлады.
Аталған округ 2021 жылдың І жартыжылдығына аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетіне жазылуды 286 дана етіп, яғни 6 данаға асыра орындағанын хабарлады. Округ әкімі Мұрабек Рифхатұлы баспасөзге жазылуда «Сине Мидас Строй» ЖШС -15, «Бекет Сәт Жол» ЖШС-10, «Қайседенов П.К» шаруа қожалығы -10 аз қамтылған отбасына демеушілік жасағанын жеткізіп, оларға және округтегі мекемелерге, ауылдастарына ризашылығын білдіріп отыр. Нұр жауған Нұржауға тілеріміз, алға қарай да бірліктеріңіз бен ынтымақтарыңыз жараса берсін!
Редакция