Нұржау ауылдық округінің №178 сайлау учаскесінде 1238 сайлаушы тіркелген. Бүгін әр адамның дауысы маңызды. Мұндағы сайлаушылардың қатысын білмек ниетпен комиссия төрайымын сөзге тарттық.
– Таңертең алғашқылардың қатарында Мұхтар Құбашев отбасымен дауыс берді. Жас сайлаушы Айнұр Жанболат сайлауға ертемен келіп отыр. Округ тұрғындары бүгінгі сайлауға белсене қатысуда. Дауыс беру басталғаннан бері 150-дің үстінде сайлаушы учаскеге келіп өз таңдауын жасады, - дейді учаске төрайымы Гинура Құрақова бізбен әңгімесінде.
Қанат ҒҰМАРОВ