Нұржауда ұлттық ойындардан сайыс өтті

(0 Votes)

Нұржау ауылында округ әкімшілігі мен округке қарасты мекемелердің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы аталып өтті. 

Шараны округ әкімі М.Рифхатұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Алғаязов және Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы,ардагер ұстаз Ж.Қисымқызы ашып, ауылдастарға деген жылы лебіздерін білдіріп, жиналған жұршылықты ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің мерекесі

- Наурыз мейрамымен барша тұрғындарды құттықтады. Сонымен қатар шарада ауыл тұрғындарына аудан және округ әкімінің алғыс хаттары табысталып, шара барысы концерттік бағдарламалар, ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрменкесі және қазақтың ұлттық ойын түрлерімен (арқан тарту, кір тасын көтеру, қазақ күресі) жалғасын тапты. Жарыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, А.Ажығалиев, М.Қуанышкереевтың (аша тұяқты ешкі малдарымен) және А.Зинуллаев, Д.Мадыбаевпен, ауыл жастарының демеушіліктерімен жеңімпаздарға түрлі көлемде қаржылай сыйлықтар табысталды.

Атап айтсақ: Қазақ күресінен:

1.Келдібек Шыңғыс

2.Батуов Нұртілек

3.Зинуров Ерқанат Кір тасын көтеруден:

1.Айбаталиев Абат

2.Камалов Бекболат

3.Темірболатов Орынбасар Арқан тартудан:

1. “Нұржау 1987 жылғылар” командасы

2.”Аманат” командасы

3.”Нұржау” командасы жүлделі орындарды иеленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521