Нұржау ауылында жол салынып жатыр

(0 Votes)

Қазіргі уақытта қайта жаңғыртылып жатқан асфальт жолдың ұзындығы 10 шақырымды, сонымен қатар жаяу жүргіншілер үшін тротуардың ұзындығы 3,3 шақырымды құрайды.

«Бүгінгі таңда жолдың 4 шақырымдай бөлігіне ыстық асфальт төселді, құрылыс жұмыстары жалғасуда. Ауылішілік жолдың сапалы салынуын «Стройинтеграция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қадағалайды.

Басталып кеткен жобаға ілікпей қалған көшелерге екі кезеңмен ауылішілік тас жол салуға ұсыныс берілді. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжат жасақтау үшін бюджеттік өтінімді Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы қарастыруда» деді Нұржау ауылдық округі әкімі Мұрабек Мұғалім.

 

Айбек Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT