Нұрлыбек Қалиев мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

(0 Votes)

Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері және ардагерлері! Қымбатты аудан өнерпаздары!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге ауданымыздың бай әрі көрнекті мәдени құндылықтарын дәріптеп, байыта түскендеріңіз үшін шексіз алғыс білдіремін. Мәдениет пен өнер – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Құрманғазы ауданы әрқашан өзінің дарынды тумаларын, бай дәстүрлерін мақтан тұтады. Біздің аудан рухани құндылықтарымызды жаңғыртушылар, сақтаушылар – мұражайлар мен кітапханалар қызметкерлерінің, театр мен концерттік бірлестіктер қайраткерлерінің, көркемөнерпаздар ұжымдарының еңбегінің нәтижесінде, алтын әріппен таңбаланған мәдени қор ретінде сақталады. Біз бұл күні мәдениет саласы мамандарына , клуб мекемелері, кітапханашылардың, мұражай ісі мамандарының, балалар өнер мектептері ұстаздарының еңбектеріне, театр қайраткерлерінің, жазушылардың, суретшілер мен музыканттардың шығармашылығына құрмет көрсетеміз. Сіздердің өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз бен адал еңбектеріңіз, адамның жанына шуақ сыйлап, қуанышын еселейтін, мерекенің көрігін қыздыратын ерекше дарындарыңыз – әрбір адам мен тұтастай қоғам өміріндегі рухани-адамгершілік, патриоттық, мейірімділік пен турашылдық қасиетті еселеудің негізі. Сіздерге кәсіби шеберліктеріңіз бен мәдениет саласына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін мың алғыс айтамын! Шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, амандық тілейміз! Ауданымыздың өркендеуі жолындағы тың бастамаларыңыз бен жарқын жобаларыңыз сәтті жүзеге ассын!

Құрметпен, аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Қалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT