Нәрестенің алғашқы сыйлығы

(0 Votes)

Осымен төртінші жыл қатарынан ауданымызда Ұлттық домбыра күні мерекесі аталып өтуде. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылған «Бабалардың көзіндей қасиетті домбыра» акциясы бүгінде дәстүрге айналып үлгерді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан бұл жоба төл мәдениет пен салт-дәстүрімізді ұлықтауға септігін тигізе бермек. Осыған орай өңірдегі аналар кеңесінің мүшелері орталық перзетханада болып, мереке күні дүниеге келген нәрестеге қасиетті домбыраны сыйға тартты. Іс-шара барысында аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова сөз алып, перинатальды орталықтың қызметкерлеріне алғысын жеткізе отырып, ана мен баланы құттықтап, ақ тілегін арнап, айтулы күннің тумасына қазақтың атын әлемге танытар талант иесі болсын деп тілек айтты.

img-20210701-wa0040

Ал, осымен үшінші перзентін өмірге әкелген Нұргүл Есенова мұндай шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіре отырып, бөбегінің иемденген алғашқы сыйы арқылы қос ішекті күмбірлеткен күйші болады деген сенімін білдірді. Айта кетейік, Елбасының 2018 жылдың 12 маусымындағы Жарлығына сәйкес шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра мерекесі болып бекітілген болатын.

img-20210701-wa0039

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT