9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Атырау облысы атбегілері Махамбет ауданының Таңдай ауылында ат спорты ойындарынан үлкен жарыс ұйымдастырған болатын.
Аталған шараға Құрманғазы ауданының сенімін арқалап қатысқан орлылық атбегі Нұрбек Дүйсеновтің Ақтолқын атты жүйрігі тай жарысында алдына қара салмай І орынды қанжығасына байлады. Бапкері Жандарбек. Бұл орлылық атбегілерге ғана емес, ауданымыз үшін мерей. Жылқының құлағында ойнап өскен, бұл жануарды ер қанатына теңеген бабаларымыздың жолын жалғастырушы, ат спортын дамытып жүрген осындай азаматтарымыздың қатары көбейе берсін! Жеңісті жолы кейінгі жастарға жұғысты болсын!
Айнагүл Шакупова