Нұрай – дебат жүлдегері

(0 Votes)

Абай атындағы жалпы орта мектебінде 2009 жылдан бері «Ғибрат» дебат клубы жұмыс жасап келеді.

Клубтың жетекшісі – республикалық «Үздік педагог-2014» конкурсының жеңімпазы, тәжірибелі ұстаз, тарих және құқық пәнінің зерттеуші мұғалімі Мейрамгүл Жандыбаева. Клубтың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды жанына серік етіп, заман талабына сай креативті ойлай алатын, айналасы мен өз ісіне сыни көзбен қарап, әлемде болып жатқан әртүрлі жағдаяттарға өзіндік пікірі мен ойын еркін жеткізе алатын жастардың жаңа көшбасшы буынын қалыптастыру.

«Ғибрат» дебат клубында көптеген көшбасшы жастардың буыны қалыптасып, өмірге қанат қақты. Солардың кейінгі легінің бірі – 10 сынып оқушысы, клубтың мүшесі, «Темірқазық» өзін-өзі басқару ұйымы «Дода» фракциясының дебат қозғалысы бойынша депутаты, «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшесі Идаят Нұрай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектеп оқушыларының облыстық турнирінде жүлделі ІІІ орынды жеңіп алса, жетекшісі Мейрамгүл Мұхтарқызы дарынды оқушыны дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT