"Нұр себелеп, Ұлыстың ұлы күні"

(0 Votes)

Б. Бегәлиев атындағы жалпы орта мектебінде "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні" атты Наурыз мерекесіне байланысты шара өтті.

 Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда "Наурыз" сөзі "Жаңа күн" деген мағынаны білдіреді.

Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы басқалар атап өтеді. Бұл мейрам - күн мен түннің теңелген мерзімі. Наурыз - көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, Наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

Мектепте өткен шарада халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында әрбір бірлестікке қазақтың салт-дәстүрлері бөлініп берілді:

1. Орыс тілі+тарих------«Бастаңғы»

2. Бастауыш бірлестігі----- «Сырға салу»

3. Қазақ тілі+ағылшын тілі-----«Келін түсіру»

4. Кіші қызметкерлер ------- «Бесікке салу»

5. МИФ+Жаратылыс тану-----«Тұсау кесу»

Мерекелік шараны мектеп басшысы Гүлжаннат Ғаділханқызы ашып, ұжым мүшелерін 22 Наурыз Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерді кәсіподақ ұйымының жанынан берілген сыйлықтармен ұлығылады. Мерекелік шара көңілді ән-күймен ажарланды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521