«Нұр Отандықтар» өз кандидаттарын ұсынды

(1 Vote)

«Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы ХХХІV кезектен тыс конференциясын өткізді. Күн тәртібіне Құрманғазы ауданы Орлы, Ақкөл, Асан, Сафон ауылдық округтері әкімдерін сайлауына «Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидаттарды бекіту туралы мәселе қойылды.

Конференцияны президиум, редакциялық, мандат және  хатшылық құрам таныстырылғаннан кейін филиал төрағасы, аудан әкімі Марат Мурзиев жүргізіп отырды.  «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев аталған ауылдық округтерге партия атынан тіркелген кандидаттар тізімімен таныстырды. «Nur Otan» партиясы атынан Орлы ауылдық округі әкімі сайлауына Бектемиров Жандос Мнафихұлы, Ақкөл ауылдық округі әкімі сайлауына Әбдірахман Әлімбай Насихатұлы, Асан ауылдық округі әкімі сайлауына Мурзағалиев Мақсат Саламатұлы, Сафон ауылдық округі әкімі сайлауына Камзаева Роза Шамарқызы ұсынылды.

«Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы ХХХІV кезектен тыс конференциясы делегациялары кандидаттарды бірауыздан қолдап, қаулысымен бекітті.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT