Нұғыман Манаевтың ұрпақтары аудандық музейде болды

(0 Votes)

Бүгін Құрманғазы аудандық музейіне Қазан төңкерісінен кейін ауданда кедейлер комитетінің, Уездік комитетінің төрағасы, Бөкей, Жетісу губкомының хатшысы, мемлекет қайраткері, 1929-1931 жылдары Республиканың оқу халық комиссары болған Нұғман Манаевтың Алматы қаласында тұратын шөберелері Манаева Мадина Серікқызы мен Манаева Әсия Серікқызы келіп, музей қорындағы деректерімен танысты.

Елдің тарихын бүтіндеуге ат салысып жүрген «Үздік өлкетанушы» Өмірзақ Қажымғалиев өз кезегінде ұрпақтарын Н.Манаевтың туған жеріне апарып келуге жетекшілік жасап көмек қолын ұсынатындығын білдірді.

Шөберелері музей қорына Н.Манаевтың Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүріп араб тілінде жазған және дін мектебінің үшінші класына оқулық ретінде пайдаланылған «Иман - ислам» (Уфа, Шарқ 1915ж) атты еңбегінің көшірмесін тапсырып, алдағы уақытта музеймен байланыста болатынын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT