Мәжіліс депутаты Әділ Жұбановтың ауданға жұмыс сапары жалғасып, Азғыр ауылдық округі тұрғындарымен жүздесу ұйымдастырылды, - деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесуде ауыл тұрғындары жергілікті атқарушы органдардың құзыреті шеңберінде шешілетін мәселелермен қатар, республика көлемінде көтерілуі тиіс сауалдар жолданып, ұсыныстар да айтылды.
Атап айтқанда, ауданнан шалғай қоныс тепкен үш ауылға ортақ проблема бұл жол қатынасының оң шешім табуын асыға күтуде, бұдан бөлек азық-түлік бағаларының тұрақсыздығы, яғни кәсіп иелерінің беталды тауар бағасын өсіруі, ауылішілік жолдарды күтіп ұстау мардымды жүргізілсе деген көкейде жүрген сұрақтарын талқыға салды.
Сонымен қатар, облысқа медициналық көмекке жүгінетін Азғыр өңірі бойы халқына кезексіз қызмет көрсетілсе деген өтініштерін білдірді.
Бұл ауылда да жалпы медициналық маман жетіспеушілігі көрініс табуда.
Тұрғындар өтінішін тыңдаған Әділ Орынбасарұлы айтылған талаптар билік басындағыларға жеткізілетініне сендірді.
Медицинаға қатысты проблемаларға халық қалаулысы осы тұста ауылға дәрігер тарту үшін білім алушылармен келісімшартқа отыру шараларын да қарастырып көрсе деген ұсыныстарын айтты.
Аудан басшысы Абат Жанғалиев құрылыс саласына жауапты орынбасары Марат Хасановқа жолдарды күтіп ұстауға жауапты мекемеден сапалы жұмысты талап ету керектігін ескертті.
Бағаны тұрақтандыру сауалына орай тиісті мамандармен мониторинг жұмыстары ұйымдастырылып, әлеуметтік маңызы бар 17 түрлі тағамға нақты баға қойылатыны айтылды.