Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев ауданымызда іссапармен болды

(0 Votes)

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Серік Сәрсенұлы Ерубаев іс-сапармен Құрманғазы ауданында болып, сайлаушылармен кездесті.

Кездесу алдында депутатты аудан әкімі А.Жанғалиев қабылдап, ауданның жаңалықтарымен таныстырды. Мұнда өзекті әңгіме өрбіп, аудандағы жасалып жатқан жұмыстар жәйлі де пікір алмасты. Сонымен қатар кездесу барысында  депутат өз кезегінде атқарылған жұмыстары мен алдағы қызметі туралы қысқаша баяндады.

Сайлаушылар өздерін толғандыратын мәселелерді көтеріп, депутатқа өз сауалдарын қойды. Оның ішінде жолдың сапасы, жеке үй тұрғызу үшін арнайы карьер ашу, т.б басқа мәселелерге қатысты ұсыныстарын айтты. Оларға қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Одан кейін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты С.Ерубаев сайлауышларды жеке қабылдады.

Түстен кейін  депутат Орлы селолық округінде кездесу өткізіп, жасалған жұмыстарына есеп берді. Онда да сайлаушылар сауалдарын қойып, оларға тиісті жауаптарын алды. Мұнда жол мәселесі көтеріліп, ауыл ішілік 10 шақырым жол салуды шешуді айтты. Сондай-ақ ауыл сыртынан өтетін трассаға аялдама, әжетхана салу жайын қозғады. Сондай ақ, бағаны тұрақтандыру, қымбатшылықпен күрес, жұмыссыздық  мәселелері көтерілді.

Ауылдағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселесі туралы айтылып, оларға несие бөлудің жолдарын ойластыруды сұрады. Ауылдағы жұмыссыздық, жастарды жұмысқа тарту,  қоғамдық қызмет пен тазалық туралы да көкейтесті проблемалар көтерілді.

Осымен депутаттың аудандағы іс-сапары аяқталды, ол көтерілген мәселелерді жоғарыға жеткізетінін айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT