Маған биылғы жылы Көкше жерінде орналасқан «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына бару бақыты бұйырды. Оған бізді А.Бақтыгереева және Ж.Нұрланқызы апайларымыз жетекші ретінде үлкен жауапкершілікпен апарып келді.
Әрине, Көкшенің көрікті жерінің сұлу табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бурабайға барғаннан кейін, мен еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған оқуда озат оқушылармен таныстым. Орталықтағы әрбір күнім қызыққа толып, маған ерекше әсер сыйлады. Жетекшілер ұйымдастырған «Мен елімнің патриотымын» атты шарада сұхбат беріп, қасиетті Отаным, туған жерім жөнінде өз пікіріммен бөлістім. Лагерьдің бағдарламасына сәйкес әртүрлі спорттық ойындар, түрлі сайыстар өтіп, табиғат аясына серуендеуге шықтық. «Балдәуренде» табысқан құрбы-құрдастарыммен жиі хабарласып, ұмытылмас қызықты күндерімді естен шығармаймын.
Жарқынай САТЫБАЕВА, Абай атындағы жалпы орта мектептің 6 сынып оқушысы.