Ғұмыр жолы өнеге

(0 Votes)

Еңбек ардагері, «Октябрь революциясы» орденінің иегері, түйе өсіруден рекордтық көрсеткіш орнатқан, ауданымыздың ауылшаруашылық саласының дамуына сүбелі үлесін қосқан Ғафу Ғабдоллаұлының туғанына – 105 жыл.

42e36166-505b-4c2a-b70b-87e092ebf31f

Атақты түйешінің дара жолын кейінгі ұрпаққа насихаттамаққа аудандық музейде «Ғұмыр жолы өнеге» атты еске алу кеші өтті. Оған Ниетжан Ғапуұлы бастаған ардагердің ұрпақтары мен ауылшаруашылық бөлімінің мамандары, С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары және кітапхана ұжымы қатысты. Сонымен қатар, арнайы шақырылған қонақтар арасынан Ғапу Ғабдоллаұлының көзін көріп, бір жүрген ауданның «Құрметті азаматы», ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, өлкетанушы, «Өренді өлкетанушы» клубының төрағасы Өмірзақ Қажымғалиев пен ардагер ұстаз, жергілікті ақын, «Өренді өлкетанушы» клубының мүшесі Нұрлығайын Нұғманов табылды.

a072fec0-2a0d-4b5c-b8e2-c36470947df2

Олар от пен оқтың арасында ғұмыр кешкен, елі үшін еңбек еткен ардагердің өнегелі өмір дерегі мен адамгершілік парасатын, ағайын арасын бірлікте сақтаудағы салиқалылығы туралы естеліктерімен бөлісіп, абзал тұлғаның адал жолын өскелең ұрпаққа үлгі етті. «Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ қалдырар» демекші, бүгінде ел азаматына айналған Ниетжан Ғапуұлы әкесінің есімін өшірмей, ізгілікке толы шара ұйымдастырған музей қызметкерлеріне алғысын айтып, Ғапу Ғабдоллаұлының ұстаған қамшысын музейдің «Алтын қорына» тапсырды.

 

Жайдарлым Ибатолла

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521