«Мың бала» жеңімпаздары марапатталды

(2 Votes)

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент қоры қолға алған, талантты және қабілетті жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған «Мың бала» олимпиадасы «Ел үміті» бастамасы аясында жүзеге асырылуда.

my-bala1

my-bala-6

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан әкімі Қайрат Нұртаев білімімен биік белестерді бағындырып жүрген үздіктерді қабылдап:

- Ұлттық зияткерлік олимпиадаға ауданымыздан қатысқан 8 оқушының жүлдегер атануы – ауданымыз үшін зор абырой, мақтаныш. Ертеңгі елдің тұтқасын ұстар балалардың тәрбиелі, саналы азамат боп қалыптасуына бар ерік-жігерін аямайтын ата-аналар мен ұстаздар қауымына айтар алғысым шексіз. Мемлекет тарапынан жеткіншектердің оқуына, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалуда. Жақсылықтың жаршысы болар, жетістігімен жүзімізге қуаныш ұялатар ұрпақтарымыз көбейсін. Болашақтарың жарқын болсын, балғындар»-деп тілегін білдірді.

my-bala-2

my-bala-5

Аталмыш дода жеңімпаздары Т.Тілемісов, Б.Русланов (Д.Нұрпейісова орта мектебі), Г.Жабер (Ю.Гагарин орта мектебі), Е.Есетов (М.Ломоносов орта мектебі), А.Ертілеуова (Ғ.Мүсірепов орта мектебі), Б.Рапихов, И.Оразғалиев (Ақкөл орта мектебі), А.Абулханованы (М.Әуезов орта мектебі) марапаттады. Сондай-ақ, оқушыларды додаға дайындауға мүмкіндік туғызған мектеп басшылары М.Ғилаев (М.Әуезов орта мектебі), Т.Ажғалиева (М.Ломоносов орта мектебі), Б.Бекжанов (Д.Нұрпейісова), Ж.Хасанова (Ю.Гагарин орта мектебі), М.Қибашев (Ғ.Мүсірепов орта мектебі), А.Қаржауова (Ақкөл орта мектебі) және осы жұмыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысқан аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Жамангаринді ұлығылады. Марапат иелеріне естелік сыйлық табыс етті.

my-bala4

my-bala3

Жиын барысында М.Ломоносов мектебінің директоры Т.Ажғалиева озат атанған оқушыларға жүрекжарды лебізін жеткізді.

my-bala8

my-bala7

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT