Мың алғыс саған, туған ел!

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мерекенің мәні мен маңызын түсіндірген шағын қойылымдарын ұсынды. Еліміздегі тыныштық пен үндестікті, өзара сенім мен құрметті шыңдай түскен бұл күнмен жиналғандарды аудан әкімі Марат Мурзиев құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Алғыс айту күнінде сіздердің әрқайсыңыздың туған өлкеміздің гүлденуіне қосып жүрген үлкен үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Кешегі індет өршіп тұрғанда халықтың аз қамтылған бөлігіне азық-түлікпен, онлайн оқу құралдарымен тегін көмектесіп, жомарттық танытқан кең пейілді, үлкен жүректі азаматтарымызға, коронавирус инфекциясына қарсы тұрып, адам өмірі үшін күресіп күні-түні еңбек еткен дәрігерлерімізге, биылғы жылы қаңтар айында орын алған оқиғалар кезінде түсіністік танытып, қылмыстық әрекеттерге бармай саналылық пен зиялылық таныта білген жастарымызға да ризашылығымды білдіремін. «Бірлігі бекем, ел мықты» дейді халқымыз. Біз бірлесе еңбек етсек, кез келген қиындықты жеңеміз – деген аудан басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін түрлі сала қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

alys-ajtu

Салтанатты жиын С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі ұйымдастырған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

alys-ajtu1

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT