Музейде «Тұңғыш білімді қазақ ханы» тақырыбында танымдық кеш өтті

(0 Votes)

Аудандық музейде Жәңгір хан басқарған ішкі Бөкей ордасы және Жәңгірханның еңбегін насихаттау мақсатында «Тұңғыш білімді қазақ ханы» тақырыбында танымдық кеш өтті.

Мақсаты–Жәңгір хан билік құрған кезеңдегі Қазақ хындығының ішкі-сыртқы жағдайларымен таныстыру, Жәңгір ханның тағылымы мол тарихи тұлғасы арқылы оқушыларды елжандылыққа, патриоттыққа, бірлікке, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Музей меңгерушісі Ж.Хайрошова қош келдіңінайтып, қонақтарды таныстырды. 

Шараға ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Гуманитралық ғылымдар академиясының толық мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Өмірзақ Қажымғалиұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ардагер ұстаз, өлкетанушы Нұрлығайын Нұғманұлы, Құрманғазы ауданының тұрғыны, Нұралы ханның тікелей ұрпағы, Жәңгір ханның туысы, өлкемізден шыққан дәрігер Шығаев Халел Әжігерейұлының немересі Ғазиз Дәулетұлы қатысты. Қонақтар ханның билік еткен жылдардағы атқарған міндеттері, әсіресе білім жолындағы жасаған еңбектері туралы тың ақпаратпен бөлісті.

Танымдық кеш «Бөкей ордасының тарихи-музей кешеніндегі» хан кезеңінен қалған жәдігерлерге арналған видеоэкскурсиякөрсетуімен аяқталды.


Ақмарал Бисембайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521