Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева «Серпер» газеті редакциясына келіп, жылы лебізін білдірді.
Кездесу барысында Гүлжанат Ғаділханқызы жергілікті журналистиканың қоғамдағы орнына, ақпарат саласының өңір өміріндегі рөліне ерекше тоқталып, ел мен жер үшін адал қызмет етіп жүрген қалам иелерінің еңбегіне жоғары бағасын берді.
− Сіздер арқылы ауданның тыныс-тіршілігі, жетістіктері мен өзекті мәселелері халыққа жеткізіліп келеді. Қоғамдық пікірді қалыптастыру, ел ішінде оң көзқарас қалыптастыру жолында сіздердің үлестеріңіз зор. Бұл – үлкен жауапкершілік пен кәсібилікті талап ететін маңызды сала, - дей келе, ұжымды кәсіби мерекемен тағы да құттықтап, құттықтау хаты мен естелік сыйлығын ұсынды.