Мәслихат төрағалары арасында көшпелі семинар өтті

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыруымен, аудандық мәслихат төрағалары арасында «Депутаттық қызмет – мінсіз міндет» атты көшпелі семинар ұйымдастырылды.

Аталған семинарға аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы, аудандық мәслихат төрағасы Гүлжаннат Қалиева, Атырау қалалық мәслихат төрағасы Құрман Нұрбол Оразбайұлы, Қызылқоға аудандық мәслихат төрағасы Бейсқали Толқын Ермекқызы, Махамбет аудандық мәслихат төрағасы Мәжиев Қайыржан Мәжиұлы, Мақат аудандық мәслихат төрағасы Шаңғалаев Азамат Жәмшебайұлы қатысты. Мақсаты – барлық деңгейдегі мәслихаттардың жұмысын одан әрі жетілдіру, депутаттардың қызметін талапқа сай ұйымдастыру, сайлаушылардың ұсыныстары мен пікірлерінен туындайтын әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша  жұмыс тәжірибелерімен бөлісу.

Алдымен Гүлжаннат Ғаділханқызы көшпелі семинардың мәні мен маңызына тоқталып, өзінің қызметкерлерімен таныстырып, жергілікті өкілді органның құзіреті мен мәслихат жанынан құрылған комиссиялар және сайлаушылардың сеніміне ие болған депутаттар жөнінде егжей-тегжейлі айтып өтті.

Әр ауданнан келген әріптестері де халықтың мұңын мұңдаған мәслихат пен депутаттар корпусы, оның қоғам алдындағы беделі, атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, жаңалықтарымен бөлісті.

Соңында аудан әкімі Абат Жанғалиев қоғамдағы түйінді мәселелерді шешуде депутаттар атқарушы органмен бірлесіп, халық алдында абыройлы қызмет жасай беретініне сенімді екенін жеткізіп, әр өңірден ат арытып келген қонақтардың еңбектеріне табыс тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT