Мәслихат сессиясы өтті

(0 Votes)

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында екі мәселе қаралды. Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжанат Қалиева ашып, қатысып отырған депутаттар құрамымен таныстырып өтті.

Күн тәртібіне сай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айгүл Сейтжанова «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарлама жасады. Келесі кезекте аудандық мәслихаттың депутаты Ерлан Хисметуллиннің депутаттық сауалы тыңдалды.

Аудан әкімі Абат Жанғалиев тарапынан туындаған сұраққа аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Нурия Баймұқанова жауап қайтарды. Депутат Е.Хисметуллинің жолдаған сауалына қатысты аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы аудандық бөлімдер облыстық басқармаларға хат жолдағаннан кейін оның жауапсыз қалмауы қажеттігін бақылауда ұстауы керектігін қаперге берді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521