Мәслихат депутаттығына ұсынылды

(0 Votes)

«АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХLІV  конференциясы өтті.

Конференцияға 2146 партия мүшесінен сайланған 38 делегат қатысты. Аудандық филиалдың төрағасы Ерлан Хисметуллин конференцияны ашып, күн тәртібін дауысқа салды. Мандат комиссиясының төрағасы, Шортанбай бастауыш партия ұйымының төрағасы Гүлнар Құмарова қатысып отырған делегаттар құрамы жайлы қысқаша ақпарат берді.

«АМАNАТ» партиясының мүшесі, Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің директоры Болатбек Өтегенов:

– Бір мандаттық сайлау округі бойынша сайланатын Атырау облысы Құрманғазы ауданы мәслихатының депутатығына кандидат ретінде Құрманғазы ауылының тұрғыны, «Құрманғазы су арнасы» ЖШС директоры Ерлан Такешевті ұсынамын. Ерлан Аманжанұлының есімі ауданымыздың халқына жақсы таныс. Ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген азамат. Көрсетілген сенімді ақтайды деп ойлаймын, – деді.

Сөз кезегі берілген партия мүшесі Бисембай Рамазанов аталған кандидатты қолдады. Конференция делегаттары бірауыздан дауыс беріп Ерлан Такешевті партия тарапынан  Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаттығына ұсынды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521