Мәскеуден алтынмен оралды

(1 Vote)

Ауданымыздың жас спортшылары Мәскеу төрінде еліміздің абыройын асқақтатты. Атап айтсақ, Ресей Федерациясының астанасын қорғаған батыр, қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атамызды еске алуға арналған Халықаралық турнирде жеңіске жетті.

Турнирге Қазақстан, Беларусь, Ресей және Әзірбайжан елінен келген спортшылар қатысып, кімнің мықты екенін рингте былғары қолғап түйістіріп әйгіледі. Мұндай үлкен додаға қатысушылар  үлкен дайындықпен келетіні белгілі. Себебі, бұл сынақта қай елде бокс жақсы дами бастағаны айқындалады.

Қазақстандықтар, соның ішінде Құрманғазы ауданының аға бапкері Тұрарбек Уахитов бастаған кіші жасөспірім құрамасы жақсы өнер көрсетті. Жасындай жарқылдап, қарсыластарына соққыларын дәл дарытқан спортшыларымыз  Елеусін Нұржасар – 40, спорттың осы түрінен жарық жұлдызымыз болады деп болашағынан үлкен үміт күткен Амантай Мансур – 70 келі салмақта алтыннан алқа тағып, қарсыластарынан мерейі үстем болды. Жеңісті жолдарыңыз жалғасын таба берсін!

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT