РТС ауылының тұрғыны, екінші топ мүгедегі Римма Ищанова референдум учаскесіне өзі келіп дауыс берді.
“Жүріп-тұруыма қиындығы болса да ұлымның көмегіммен азаматтық борышымды өтеуді парызым санадым” дейді дауыс беруші. 174 референдум учаскесінің төрайымы Сандуғаш Қапуова белсенділік танытқан азаматшаға үлкен ризашылығын білдіріп, естелік сыйлығын табыстады.
Жалпы бұл учаскеде алғаш дауыс берушіге, жанұясымен келушілерге, тағы басқа да жағдайларға орай құрметін білдіріп отыру бұрыннан қалыптасқан жақсы үрдіс.