Үмітіміз ақталарына сенеміз

(1 Vote)

«Nur Otan» партиясының сайлауалды «Есіктен-есікке» акциясы жалғасын табуда.

deputattar-aktsiyasy

deputattar-aktsiyasy1

Акцияның мақсаты – аудан тұрғындарына партияның алға қойған мақсатын түсіндіру, алдағы сайлауда дауыс беруге шақыру. Партияның облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына  үміткерлер Мереке Құмаров, Арайлым Қаржауова, Теңел Исмағұлов Ақкөл ауылындағы Қуандық Мәжитовтің отбасында болды. Үй иесі болмағанымен ұлы Асхат Қуандық жылы қарсылап, төрін ұсынды.

Қысқа әңгіме барысында аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміткер Теңел Исмағұлов:

– Өздеріңізге мәлім алдағы жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтеді. Оған бірнеше партия түскелі отыр. Олардың қатарында «Nur Otan» партиясы да бар. Тәуелсіздік жылдарында партияның бастамасымен алға қарай ілгерілеуіміз,  Қазақстанның басты жеті жетістігі сізге ұсынып отырған парақшамызда көрсетілген. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы аудандық  филиалының конференциясында «Экономикалық тұрақты аудан», «Жайлы аудан», «Әлеуметтік бағдарланған аудан», «Жастарға арналған аудан», «Тарих пен мәдениетті дамыту» «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар», «Қауіпсіз аудан» атты дамудың жеті басымдылығы бар сайлауалды бағдарламамыз бекітілді. Аталған бағыттар бойынша құрманғазылықтардың әл-ауқатын, тұрмыстық жағдайын жақсартуға ықпал ететін боламыз, - деп «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Асхат Қуандық ризашылығын білдіріп, өз тарапынан партияның бастамаларын қолдайтынын  жеткізді.

deputattar-aktsiyasy4

Екінші болған үйіміздің иесі Нұрғисын Сағындық та үміткерлермен жақсы әңгімелесіп:

– Партияның басшылығымен біраз жұмыстар атқарылғанына куәміз. Оның нәтижесін де көріп жатырмыз. Ең бастысы еліміз аман, халқымыз тыныш болып, мына індеттен аман өтейік. Сіздерге алдағы сайлауда жеңіс тілеймін! 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс береміз. Үмітіміз ақталарына сенеміз, -деді.

deputattar-aktsiyasy2

deputattar-aktsiyasy3

Сонымен қатар кездесіп қалған тұрғындарға үгіт-насихат парақшасы таратылып, сайлауда партияға қолдау көрсетуі сұралды. Олардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарылды.

Қанат ҒҰМАРОВ

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT