«Өмір кезеңдері»

(0 Votes)

Жергілікті ақын Рахмет Ниетқалиевтің «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нен шыққан жаңа кітабы осылай аталады.

Ағамыздың бұл үшінші кітабы. «Редакция жаныма жақын тұтатын, талай қаламгерлердің шыққан қасиетті орыны ғой. Кітабымды алдымен сендерге берейін деп әкеліп жатырмын», - дейді автор бір кітабын бізге қолтаңбасымен ұсынып. Бұл кісі бізге жиі мақала жолдап, арасында өлеңдерін әкеліп жүреді.

«Өмір кезеңдері» атты жаңа кітаптың «Жыр-арнау» атты бірінші бөлімінде ақынның жүзге жуық өлеңдері топтастырылған. Туған жер туралы толғанысынан тұмса табиғаттың иісі аңқып, сұлу бейнесі көз алдыңа келеді. Осындай әдемі ортаны бүлдіріп жатқандар да сын садағына ілігеді.

«Туған жер нақыштары» атты екінші бөліміне енген кейбір мақалалары мен жазбаларының негізгі кейіпкерлері ауданымыздың тұрғындары, кәсіпкер Руслан Ұзағалиев, округ әкімі қызметін абыроймен атқарған Исабай Рысқалиев, ардагер ұстаз Жетпіс Нұрғалиев және т.б. басқалары. Сонымен қатар Азғырдағы Бесшоқы тауы, Қиғаш бойындағы Көптоғай ауылы, Ленинград қаласын қорғаушылардың ерлігі де ақын шығармашылығына арқау болған. Кітап өз оқырманын табарына сеніміміз мол.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521