Жақында Жетісу облысы Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылында "LEPSI 2023" халықаралық мал шаруашылығы көрмесі өткен еді.
Осы көрмеде "Құрманғазы" өндірістік кооперативінде ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс жасаған, Теңіз ауданының "Таңдаулы зоотехнигі", ауыл шаруашылығы саласының дамуына зор үлес қосқан еңбек ардагері , бірнеше медальдардың иегері Меңдешов Меңжан Мирманұлы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.
Аталған салада 44 жыл жемісті еңбек еткен ардагердің төккен тері осылай елендi. Бұл ауданымыз үшін де мерей. Сонымен қатар, "Құрманғазы" өндірістік кооперативі осы көрмеде түрлі бағыттар бойынша ІІ орын ( 1 000 000 теңге) және ІІІ орын( 500 000 теңге) иеленді. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл", -дегендей бұл жеңіс бүкіл ұжымның ерен еңбегі.
Республикалық көрмедегi жетicтiк аталған шаруашылықтың еңбекқор ұжымына алдағы күндерде үлкен серпiлic сыйлап, жаңа белестерді бағындыра берерiне сенiмдiмiз.
Айнагүл Шакупова