Министрдің Алғыс хатын алды

(0 Votes)

Ауданымыздың айнасы 90 жылдан аса тарихы бар «Serper» қоғамдық-саяси газеті 2023 жылдың ІІ жартыжылдығына 4755 дана таралыммен кірді.

Мұны республикамыз, облысымыз бойынша аудандық газеттердің арасындағы үздік көрсеткіш деп айта аламыз. Бұл оқырмандармен, атқарушы билік, өкілді орган, жергілікті зиялы қауым, мекеме, кәсіпкерлік өкілдерімен тіл табысып, қалың бұқараны ақпаратпен қамтуда тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын бас редакторымыз Айнагүл Шакупова мен ынтымақ-бірлігі жарасқан шағын ұжымымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. Сол себепті бас редакторымыз Айнагүл Күнұзаққызының Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің Алғыс хатымен марапатталуын ортақ еңбегімізге берілген лайықты баға, көрсетілген құрмет, үлкен сенімнің көрінісі деп қабылдадық. Осындай шешімге келіп, жас та болса, бас болып, газеттің қиындығына төзіп, алға сүйреп келе жатқан, үнемі ізденіс үстінде жүретін әріптесімізді марапатқа ұсынған «Атырау-Ақпарат» ЖШС басшылығына зор ризашылығымызды білдіреміз. Бұл марапат халықты ақпаратпен қамтуда бізге соны серпіліс, жаңа талпыныс, шалқар шабыт сыйлап, шығармашылығымызды шыңдай түседі.

Редакция

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT