Міндет – айқын, жауапкершілік - үлкен

(0 Votes)

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Әлібек Нәутиев, Жұмажан Шакупов, Замзагүл Карсакова, Мереке Құмаров және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Өмірболат Есенғазиев, Болат Жүгінісов, Бержан Кенжебаев, Нұрлан Хұсайнов Еңбекші ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті.

Алғашқы болып сөз алған Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев еліміздің жетекші саяси күшіне айналған «Nur Otan» партиясының жеткен жетістіктері мен алдағы маңызды мақсаттарымен бөлісті. Сайлауалды бағдарламадағы ауданды дамытудың 7 басым бағытын облыстық мәслихат депутаттығына үміткер З.Карсакова жіктеп түсіндірді. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ө.Есенғазиев пен Б.Жүгінісов алдағы өтетін сайлаудың ерекшеліктерін тізбектеп, кездесуге қатысушыларды бақуатты қоғам құруды көздейтін аталмыш партияға дауыс беріп, жеңіске бірге жетуге шақырды. Еңбекші ауылдық округі бойынша мәслихат депутаттығына үміткер Бержан Кенжебаев кейбір көңіл көншітпейтін жайттарды мәселе етіп көтеріп, олардың кезегімен шешімін табатынына сенімін білдірді. Ауыл тұрғыны М.Шаяхметов үміткерлерге нағыз іскер азаматтар деп баға беріп, жаңа медициналық пункт, ауылішілік жол толық салынса деген көпшіліктің сұранысын жеткізді.

mindet-ajyn_jpg1

Одан соң үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарымен Мақаш ауылдық округінде болды. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әлібек Нәутиев 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақстанның бағындырған белестеріне шолу жасап, оның басым көпшілігіне күрделі әлі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдайтын «Nur Otan» партиясының ықпалы орасан зор болғанын баса айтты. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Б.Кенжебаев Афанасьев бекетіне тіке барар жолдың көңіл көншітпейтінін тілге тиек етті.

mindet-ajyn_jpg1_jpg-2_jpg3

Округ бойынша мәслихат депутаттығына үміткер Ө.Есенғазиев  ауылішілік жолды асфальттау үшін жобалық-сметалық құжаттарды жасақтауға қаржы бөлінуі ұдайы назарда ұсталатынын, 2022 жылдан бастап Қаракөл-Голбин, Көкарна елді мекендерінде 22 шақырым ауылішілік су құбыры желісі тартылатынын, сонымен қатар, түп тереңдету, т.б өзекті жұмыстар сайлауалды бағдарламада бар екенін қаперледі. Жеке кәсіпкер, аудандық фермерлер одағының төрағасы Есболат Құбашев халықты жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау аясында жүзеге асырылып жатқан бірқатар шаралардың тиімділігін атап, мал шаруашылығына су жетіспеушілігі мен түз тағысы - қасқырдың көбеюі кері әсерін тигізіп отырғанын алға тартты. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жұмажан Шакупов аудан халқының негізгі тіршілік көзі – мал шаруашылығын өркендету бойынша облыстық бюджеттен 700 млн көлемінде субсидия бөлінгеніне, балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданғанына, арнайы мемлекеттік орган – балық шаруашылығы комитеті құрылғанына, оң өзгерістер әлі де жалғасын табатынына тоқталды. Тұрғындар қоғам өмірінің барлық бағыттарын жаңғыртудың тағдырлы үдерістерінің басынан табылар «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын білдірді.

mindet-ajyn_jpg1_jpg-2

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әлібек Нәутиев Теңіз ауылдық округіндегі балық зауытына арнайы келіп, балықшылардың базынасына құлақ түрді. Ауыл ақсақалы Ұзақ Жәдіғұловтың шаңырағына бас сұғып, баянды болашаққа бірге қадам басу үшін «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.

 Еркеназ Қалижан

"Nur Otan" партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT