Миллионнан аса шабақ құтқарылды

(0 Votes)

Қазір қыс мезгілі. Ағынды Қиғаш, Шарон өзендері түгел қата қоймағанымен, олардың салалары мұз құрсауында қалары анық. Ондай жағдайда су астын мекендеушілерге – шабақтарға ауа жетпей қырылып қалу қаупі төнеді. Балық – шабақтан өсетіндіктен оларды  құтқару «Каспий-Балық» өндірістік кооперативінің жоспарлы қызметіне жатады.

Жақында ғана кооператив Құрманғазы ауылдық округінің Самаркино ауылында шабақ құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Оған екі автокөлік, бөшкелер, пластмасса ыдыстар, сүймен, балта, шелектер мен сүзгілер пайдаланылды. Аталған құралдармен мұз ойылып, астындағы  ауа жетпей өлген шабақтар сүзіп алынып, ыдыстарға жинақталып, белгіленген жерлерге апарылды. Тірі қалған шабақтардың жолдарын ашу, сүзіп алып арнаға апару жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде бір миллион бір жүз елу дана шабақ құтқарылды. Шабақ құтқару жұмыстары алға қарай да жалғасын таба береді.

«Каспий-Балық» өндірістік кооперативі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT