Мұғалімдер мүддесі – бірінші кезекте

(0 Votes)

Мұғалімдердің мұңын мұңдап, жоғын түгендейтін кәсіподақтар комитетінің орыны ерекше. Іргелі ұйымның қолға алуымен білім беру қызметкерлерінің мәртебесін мемлекеттік деңгейге көтеру мақсатында бірқатар жұмыстардың  атқарылғаны белгілі. С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Қазақстандағы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығына орай «Кәсіподақ: тұрақты қолдау, тұрақты құрмет» атты меркелік шара ұйымдастырылды.

Алғашқы құттықтау сөзін арнаған аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратов мұғалімдер мүддесін қорғаудағы кәсіподақ ұйымның атқарған ісіне оң бағасын беріп, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелерін марапаттады. Атырау облысы ардагерлер кеңесінің «Тәлімгер» медалін ардагер ұстаздар Жұмақай Ғұмаровтың, Ризабек Сапаровтың өңіріне қадаса, сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі жетістіктеріне орай бір топ мұғалімдерге ҚР салалық білім және  ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамотасын табыс етті.  

Аудандық білім бөлімінің басшысы Еділ Баяров жекелеген мұғалімдерді облыстық білім беру басқармасының Алғыс хатымен, облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен ұлғылады.

- Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы еліміздегі мүшелер саны жағынан ең ірі ұйым саналады. Бұл кәсіподақ құрамында 21 мүшелік ұйым, жалпы саны 584458 адамнан тұратын 8374 бастауыш кәсіподақ ұйымын біріктіреді. Кәсіподақтың негізгі міндеті мұғалімдердің мүддесін қорғау, қызметкерлерге лайықты жалақы төлеуді, еңбекті нормалаудың әділ жүйесін құру, қауіпсіз де салауатты қоғамды қалыптастыруды, әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер жасалуды қамтамасыз етеді. Кәсіподақ бірлік, ынтымақтастық, әділдік, тәуелсіздік қағидаттарын берік ұстанды. Сондай-ақ, білім берудің жоғары стандарттары мен сапасын, педагогикалық кәсіптің беделін арттыруды, қоғамда танымалдылыққа жеткізуді көздейді, - деген аудандық көсіподақтар кеңесінің төрағасы Әуез Ізжанов сөзінің соңын белсенді кәсіподақ мүшелерін ҚР салалық білім және  ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Алғыс хатымен, аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасын табыстаумен тәмамдады.

Мерекелік шарада Дәулеткерей және Д.Нұрпейісова атындағы саз мектебінің оқушылары мен мұғалімдері, Жаңаталап ауылдық округінен «Нұршуақ» әжелер ансамблі өнер көрсетті.

 

                                                         

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT