Межеден шықтық

(0 Votes)

«Бөкейхан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Бөкейхан ауылдық округі бойынша аудандық «Серпер» газетіне 2023 жылдың І-жартыжылдығына жазылу жөнінде берілген 220 дана болжам бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылып, межеден шыққанымызды  хабарлаймыз.

Округ әкімшілігі атынан аудан жаңалықтарының жаршысы «Серпер» газетіне жазылуда белсенділік танытқан барша ауыл тұрғындарына, округ көлеміндегі мекеме басшылары: Ш.Исатаеваға, Н.Утегеновке, К.Досекешоваға, Т.Мурзагалиевке, Ж.Ислямовқа, Г.Хасановаға, «Тілекші» ЖШС-нің басшысы О.Ахметовке және Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Д.Гайсинге ризашылығымызды білдіре отырып, баршаларының отбасыларына амандық, жұмыстарына сәттілік тілеп, әрқашан ел алғысын арқалаған азамат, азаматшалар болғайсыздар деген алғысымызды жеткіземіз.

Ж.Төреғалиев, округ әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT