Мешіттің жөндеу жұмыстарына көмектеріңіз керек

(0 Votes)

Ауданымыздың көрікті ғимараттарының бірі «Темірәлі» мұсылмандар мешітінде бүгінгі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда.

Оған Жұмекен ауылының жамағаты өте қарқынды атсалысуда. Оларға Алла разы болсын! Ендігі мәселе мешіттің сыртқы жөндеуі. Оны жүргізу қаражатқа және қолынан іс келетін азаматтарға тіреліп тұр.

Сол себепті аудан орталығының РТС, Самаркин, Бұзауслан, Кіресті, ПМК, Рембаз, Орлы, Үлкен және Кіші Құрманғазы, басқа да мөлтек аудандарында тұратын бауырларымызды сауапты іске үлес қосуға шақырамыз.

m

m

«Көл тамшыдан құралады», дегендей Алланың үйін қалыпқа келтіруге қаржылай көмектесіп, белсенділік танытсаңыздар одан зиян шекпейсіздер. Кейбір адамдар мешітке өздері бармаса да болашақта балалары баратынын ескергені жөн. Рамазан айы да жақындап қалды. Сауаптан құр қалмай атсалысайық жерлестер!

Мешіт жөндеуіне қол ұшын беремін деген азаматтар болса бас имам Еламан Жасөмірұлының 8778 956 22 93 телефонына хабарласуларын сұраймыз.

Ризабек Сұлтанияев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT