Мерзімінен бұрын босатыла ма?

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық пробация қызметі бөлімі ҚР ҚК 72-бабына сәйкес бас бостандығынан шектеу жазасын өтеп жатқан азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін сотқа материалдар жолдады.

Мысалы: сотталған шетел азаматы М  02.03.2020 ж. ҚР ҚК-нің 339 бабы 1 бөлігі бойынша Құрманғазы аудандық сотының пробациялық бақылау орната отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.

Жазаны өтеу уақытында сотталған М қандай да бір құқықбұзушылықтарға жол бермеді және оған сот жүктеген міндеттерді орындады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 72 бабын басшылыққа ала отырып, сотталған М бас бостандығынан шектеу түріндегі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату үшін сотқа өтініш жасады. Өз кезегінде пробация қызметі бөлімі сотталушының қоғамнан оқшауламай жазасын өтеу кезіндегі мінез-құлқын сипаттайтын құжаттар дайындады. Сотталған азамматтың өтінішін тұрғылықты жері бойынша бірінші сатыдағы сот қарайды. Осылайша, ҚР заңнамасымен бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны өтеуші сотталғандардың заңға мойынұсынушылық мінез-құлқы көтермеленеді. Қазіргі уақытта сотталған М өтініші қанағаттандырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.  
 
 

А.Т.Қойшыбаева,
аудандық Пробация қызметі бөлімінің
инспекторы әділет аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521