Әскери өмір өте қызықты қайталанбас шақ.
Бұл, әрине, тек сарбаздарға ғана аян сыр. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV заңын, Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы №53 қаулысын басшылыққа ала отырып, мерзімді әскери қызметке шақыру және оларды ҚР әскери бөлімдеріне аттандыруды ұйымдастыру аудандық дәрігерлік комиссия құрымымен бекітілген кестеге орай осы жылдың наурыз айынан басталғандығын ескертеді. Осыған байланысты ауданымыздың ауылдық округтеріндегі әскери есеп жұмысына жауапты мамандар өздеріне қатысты округтердегі әскерге шақырылушылардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімге келуін қамтамасыз етуін, жалпы әрбір ата-анадан ұлдарының Отан алдындағы борышын өтеуіне мүмкіндік жасауларын сұраймыз.
Кез-келген әскерге жарамды 18-27 жас аралығындағы азаматтар жылына екі рет, наурыз бен маусым және қыркүйек пен желтоқсан айларында іріктеліп отырады. Егерде әскер қатарына шақырылудан бас тартқан, медициналық комиссияға себепсіз келмеген жағдайда ҚР Қылмыстық Кодексінің 387 бабы бойынша айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жіберіледі немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын ескертеміз.
Е.Мұхамбетәлиев,
Құрманғазы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор