Мерзімді баспасөзге жазылу акциясы

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газеті (бас редакторы А.Шакупова) мен «Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланысы торабының (басшысы В.Түсекеев) ұйымдастыруымен аудан орталығындағы сауда орындарында «Серперге жазылайық» атты акция өтуде.

Мақсаты кәсіпкерлерге мерзімді баспасөзге жазылуда қолайлылық туғызып, олардың уақытын үнемдеу және аудан айнасының таралымын арттыру.

img_5427

Газет тілшісі мен екі бірдей пошта қызметкерлері түске дейін «Серпер» базарында болып кәсіпкерлер арасында түсінік жұмыстарын жүргізіп, аудандық және облыстық мерзімді баспасөзге жазылуды ұйымдастырды. Айта кетейік арнайы акция ұйымдастырушыларға базарда сауда жасап тұрған шағын бизнес өкілдері ризашылықтарын білдірді. Бірі газетке жазылып қойғандарын жеткізсе, екіншілері сол жерде, көзімізше телефон соғып, анығын біліп, пошта қызметкеріне аты-жөні мен көшесін айтып жатты. Олардың қатарында 6 айға, бір жылға жазылғандар да бар. Акцияның бүгінгі қорытындысы 65 дананы құрады. Толығырақ кеңінен тоқталамыз.

Редакция

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT