Мерекемізбен құттықтап, мерейімізді өсірді

(0 Votes)

Биыл - ауданымыздың үнжариясы - «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің торқалы 90 жылдығы.

Аталмыш мереке күні Құрманғазы АПБ бастығы, полиция полковнигі Тұрғали Тұрғамбайұлы, Құрманғазы АПБ ӘПБ бастығы, полиция капитаны Фархад Бейбітұлы, Құрманғазы АПБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, полиция майоры Есенгелді Ажгерейұлы редакциямызға аяулы таң шапағымен бірге еніп, мерейімізді көкке көтерді. Ұжымның шығармашылығына толағай табыстар тілеп, құттықтау хатпен қоса арнайы гүл шоқтары, сый-сияпатын табыстады. Басылымның ұзақ жылдар бас редакторы қызметін абыройлы атқарған ақын Таңатар Дәрелұлы редакциямен қызметтік байланысын үзбейтін лауазым иелерінің көрсеткен құрметіне ұжым атынан зор ризашылығын білдірді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT