Аудан орталығында аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары және аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіс мерекесі күніне арналған ауыл шарушалығы тауарларының жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде «Құралай» нан-тағам комбинаты, жеке кәсіпкер Бақтылы Махмудова, Айдана Ғалымжанова, «Алғаяз», «Қибатолла Қабдолов» шаруа қожалықтары, «Тілекші», «Алиакбар», «Амангелді» ЖШС және басқалары аудан тұрғындары мен қонақтарына ет-сүт, қазы, шұбат, қаймақ, сүзбе, құрт, кондитер, жаңа ауланған және кептірілген балық өнімдерін ұсынды.
Қанат ҒҰМАРОВ