Мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды

(0 Votes)

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаңда аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен азық-түлік жәрмеңкесі өтті.

Ауада кәуап исі бұрқырап, жағалай құрылған батуттар мен әткеншектер балаларға мол қуаныш сыйлады. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Хасанов, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламановамен бірге өтіп жатқан азық-түлік тауарлары жәрмеңкесін аралап шықты.

Мерекелік шараға көтеріңкі көңіл күймен жиналған көпшілікке «Шеркеш» (Аманғалиев.Ж), «Сәрсенғалиев Б», «Мерей» (А.Қайсағалиев) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Құралай» нан-тағам комбинаты (Хабибуллин А), ресейлік Валерий Ковалев бастаған Астрахань облысынан келген келген кәсіпкерлер, жеке кәсіпкер Клара Салахаденова және басқалары өз өнімдері мен тауарларын ұсынды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT