1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында жас ерекшеліктеріне қарай шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан аудандық жарыс өтті.
Жас ерекшеліктеріне қарай өткен сайыста Рақымжан Ерқанат, Нұрсая Болатқызы, Нұрдәулет Қабдулла, Хадиша Берікқызы, тоғызқұмалақтан Диас Ерболатов, Іңкәр Байболатқызы, дойбыдан Нұрмарас Ғарипов, Аружан Айтжанова, Нұрдәулет Қабдулла, Азиза Меңдіғалиева жеңімпаз атанды.
А.НӘЖІМОВ