Аудандық «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Наурыз мерекесінің он күндігіне аясында ұлттық дәстүрді, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, тарихымызды білу мақсатында «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» тақырыбында қазақша QUIZ интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.
Шара алдында негізінен жастардан тұратын ұжым ұлттық дәстүрімізге бойлап, шаш өріп, асық атып, тоғызқұмалақ ойнады. QUIZ интеллектуалдық ойынында түгелдей ұлттық киім киген ұжым мүшелері екі түрлі жеребе суыру арқылы «Шаңырақ» (команда капитаны Эльмира Құмарғалиева) және «Томирис» (команда капитаны Зәмзагүл Карсакова) командаларына бөлініп сайысқа түсті. Оған аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің директоры Анарбек Баймұханов, кеңес беру және кешенді сүйемелдеу бөлімінің басшысы Альберт Бисенғалиев төрағалық жасады.
Үш роундтан тұратын ойынға екі команда да белсене қатысты. Бірінші бөлімі – «Беташар» тарихи батырларды, ұлттық салт-дәстүрімізді білуге арналды. Мұнда 7 сұрақ қойылып, әр сұраққа 1 баллдан есептелді. 2 роундта қазақтың ұлттық нақыштағы киімдері, ою-өрнектері көрсетілсе, 3 роундта ана тіліміздегі әндер мен фильмдерге шолу жасалды. Қызықты өткен ойын нәтижесінде «Томирис» командасы жеңіске жетті.
Қанат ҒҰМАРОВ