Әлемнің бірқатар елдеріндегідей Қазақстанда да қауіпті вирустың таралуын алдын алуға орай 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне мерекелік іс-шараларды өткізбеу туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған болатын.
Әйелдер мерекесін тойлауға шектеу қою туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов те Facebook-тегі парақшасында жазды. Өз жазбасында облыс басшысы қауіпті вирус Қазақстанда тіркелмегенімен республикалық деңгейде сақтық күшейтілгенін, қауіпсіздік мақсатында облысымызда да мерекелік іс-шараларды өткізбеу туралы шешімге келгенін мәлімдеп, облыс тұрғындарының бұған түсіністікпен қарайтындығына сенетінін жазды.
Өзге өңірлердегідей ауданымызда да жоспарланған мерекелік салтанат өтпейтін болды. Көктемнің көрікті мейрамының құрметіне орай аудан әкімінің Алғыс хатына ұсынылған «Серпер» газеті редакциясының сайтына жауапты редактор Айдана Иманкулованың марапатын бас редакторымыз Айнагүл Шакупова табыстап, аудан басшысының сәлемін жеткізді.
Сондай-ақ, шағын басқосуда редакцияның қыз-келіншектеріне жігіттер атынан тілектер айтылып, гүл ұсынылды.
А.Нәжімов