Теңіз ауылдық округіне қарасты Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінде 25 қазан Республика күніне орай "Таулары тарих,тастары дастан -Қазақстан" және "Алаш арыстары" тақырыбында мектеп кітапханашысы Менетаева Назгул кітап көрмесін жасақтады.
Тарих пәнінің мұғалімі Каримов Серік көрме бойынша оқушыларға ақпарат берді. Көрменің мақсаты - оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру, патриотизмге тәрбиелеу.
Алаш идеясын бүгінгі жас ұрпақтың бойына сіңіру, Қазақстан қоғамын жаңғыртуда Алаш қозғалысының тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын жас ұрпаққа насихаттау.