Мереке күнгі марапат

(0 Votes)

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай бір топ сала қызметкерлеріне марапаттар ұсынылды.

Шараны ашып, жүргізген аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды кеңінен насихаттап, өнерлерімен рухани нәр сыйлап жүрген жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі. Марапат иелерінің баршасының еңбегіне, шығармашылық жолындағы ізденісті істеріне бөлек-бөлек тоқталды.

img_1827

Белгілі майталман өнерпаз, Нұржау ауылдық клубының меңгерушісі Бақыт Ақмұхановаға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. Зәмзам Исмағұлов атындағы халық театрының режиссері Сұңғат Бралиев, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі меңгерушісі Бақыт Ғабдолова ұзақ жылғы мәдениет саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

img_1828

i

Сондай-ақ, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары Бекжан Нұғыманов, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әсел Шарипова, Жаңаталап селолық кітапханасының меңгерушісі Гүлжан Қалиева облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хатымен, Киров, Нұржау ауылдық клубтарының әдіскерлері Гүлзада Жұмалиева, Алтынай Нәрешова және Сүйіндік ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Гүлнәр Ислямова облыстық ғылыми әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы басшысының Алғыс хатымен ұлығыланды.

i

img_1834

Марапатталушылар атынан сөз алған Бақыт Ақмұханова мәдениет саласы қызметі айтуға жеңіл көрінгенімен мұның артында қыруар еңбек жатқанын, өзінің бұл жолда жүргеніне қырық жыл толғалы отырғанын, кәсіби мерекеде еңбектері еленіп жатқанына үлкен ризашылығын білдірді.

img_1836

img_1838

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521